Жаңалықтар
15-го февраля 2022 г. 12:24
Елшілік төтенше жағдай кезінде көмек көрсету үшін Украинадағы қазақстандықтардан консулдық есепке тұруды сұрады, - деп хабарлайды өкілдіктің баспасөз қызметі.
"Консулдық есепке өздері келмей-ақ, Қазақстан елшілігі сайтында орналасқан есепке алу парағын толтырып және төлқұжаттың көшірмесімен бірге consul.kiev@mfa.kz электронды поштасына жіберіп, тұруға болады", - делінген хабарламада.
Азаматтар өзге ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде қадағалай алады.
Елшіліктің байланыс нөмерлері: +38 (044) 483-15-96; +38 (067) 347-04-08 (шұғыл қоңыраулар үшін).