Елордадағы Ұлттық кітапханада су жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
Астана қаласында ақпанның 22 күні Ұлттық кітапхана төрінде «Отбасы хрестоматиясы» қорының жобасы аясында су жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. «Отбасына арналған отыз сабақ» деп аталатын жаңа шығарылымның басты ерекшеліктері мен жалпы мазмұны дөңгелек үстел үстінде талқыланды.
Кітап авторларының есімдері де ел құлағына тансық емес,олар осы уақытқа дейін де «Отбасы хрестоматиясының» авторлары болған : Н.Әділбек, Ә.Аюбек, А.Ғинаятұлы және С.Нұрқабекұлы.
- «Отбасына арналған отыз сабақ» жанұядағы жас балаларға тәрбие құралы ретінде жазылған. Онда аты айтып тұрғандай, отыз тапсырма құрастырылып, ата-ананының баламен бірге орындауына арналған. Кітапта ұмытылып бара жатқан Алаш зиялыларының аудармалары, мысалдары мен ертегілері де көрініс тапқан. Сиясы кеппеген бұл өнімнің тағы бір ерекшелігі кітаптан бөлек жеке жұмыс дәптерінің болуы. Онда баланың ой өрісін дамытатын ребурс, мандал мен жазбаша тапсырмалар берілген. «Жұмыс дәптері баланың кітаптан алған біліміне кері байланыс құралы», - деп түсіндірді кітап авторлары.
«Жалпы кітап жазу идеясы өткен жалдың жазынан бастау алған. Бұл ойға түрткі болған қазіргі ұрпақтың цифрлы дәуірдің құлына айналып бара жатқандығы. Смортфон мен интернеттің торына қамалып,кешегі әжеміздің әлдиіне зәру заман орнады, сол себепті қазақи құндылығымыз бен ұлттық рухымызды жас буынға дарыту мақсатында осы кітапты жазуға ұсыныс жасадық» дейді идея иегерлері.
Тұсаукесер аяқталар тұста сыйлы қонақтар өз пікірлерін білдіріп,жақсы тілектерін жаудырып жатты. Оларға басылымнан жаңа шыққан кітаптар үлестіріліп,алғыстар айтылды. Екі жарым сағатқа созылған отырыстың соңы «Отбасы хрестоматиясының» басқа да өнімдерінің кішігірім жәрменкесімен жалғасған еді. Жиынға қатысушылыр әр жанрдағы кітапты сатып алып,көңілді тарасты.
Авторы: Жайна ТҰРАРБЕК