Жаңалықтар
23-го февраля 2022 г. 05:43
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 3,23 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 437, 35 теңге болды. Ұлттық банктің 23 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 433, 39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,08 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,89 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438, 48 теңге.