Елімізде 350 миллион теңгеге мультфильм түсірілмек
Елімізде құны жүздеген миллион теңге болатын мультфильм түсіріледі, деп хабарлайды Экспресс К.
«Ашина: көк бөрілер туралы аңыз» атты мультфильм халықаралық прокатқа шығады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жыл соңына дейін елімізде кішкентай көрермендерге бірнеше отандық картиналар ұсынылмақ.
Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев жас суретші-мультипликаторлармен кездесуде осы және басқа да жайттар туралы айтты. Ол мемлекеттің осы салада жүрген мамандарға қолдау көрсететінін жеткізді. Себебі, қазақстандық анимация саласы өтпелі кезеңді бастап кешіріп жатыр.
«Біз «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысын ресми түрде іске қостық. Ол жаңа серпінді жобаларды құрумен ғана емес, жас мультипликаторларды қолдаумен де айналысады. Біз бірнеше байқауды бастадық және алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Балаларымыздың лайықты мультфильмдерді көруі біз үшін маңызды», — деді Дәурен Абаев.