Жаңалықтар

Эксклюзив: Президенттің аула тазалаған видеосы жарияланды

Эксклюзив: Президенттің аула тазалаған видеосы жарияланды

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аула тазалап жүрген видеосы ертеректе түсірілген. Оны әлеуметтік желілердегі аудиториясы кең парақшалар бірінен соң бірі жариялап жатыр. Видеороликті 2019 жылы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

Әлеуметтік желі тұтынушылары президенттің әрекетін қарапайымдылыққа, адамгершілікке, тәрбиелілікке балап, оған түрлі алғыс-ілтипат пікірлерін жаудыру үстінде.

«Осыдан тура 50 жыл бұрын таспаға басылып қалған құнды видеокадрлар. Алматыдағы №25 мектептің 10 сынып оқушылары сенбілікте жүр. Таныған да боларсыздар араларында қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бар» деп жазған Берік Уәли.