Жаңалықтар
18-го августа 2022 г. 13:37
Қырғызстанның бұрынғы президенттері Құрманбек Бакиев пен Алмазбек Атамбаевтың зәулім сарайларында тәулік бойы жұмыс істейтін балаларды оңалту орталықтары ашылады. Бұл туралы Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігінде хабарлады.
Ведомствода атап өткендей, Қырғызстанда мүгедектігі бар 200 мыңға жуық адам тұрады, оның 35 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар.
– Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толыққанды оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Сол үшін Қой таш ауылындағы Алмазбек Атамбаевтың және Жібек жолы даңғылы бойында орналасқан Құрманбек Бәкиевтің мемлекеттік меншікке өткен үйінде тәулік бойы жұмыс істейтін балаларға арналған оңалту орталығы ашылады, – делінген хабарламада.