Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова болды
Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Зульфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
Өзінің еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Аймақтық және жаһандық қауіпсіздік департаментінің ғылыми қызметкері болып бастады. 2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған. 2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының сайланған депутаты.
2022 жылғы 14 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.