Спорт әлемі

Екі қазақ дзюдошысы финалда кездесті

Екі қазақ дзюдошысы финалда кездесті

Бүгін Португалияның Алмада қаласында дзюдодан Гран-При турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан үшін сәтті өтті. Қыздар арасында екі қазақ қызы Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева финалға сүрінбей шықты деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Жылдың алғашқы бәсекесі қазақ дзюдосының тарихына алтын әріппен жазылды деуге болады. Себебі алғаш рет әйелдер арасында екі қазақ дзюдошысы финалда күресті.

Финалдық белдесуде Абиба Әбужақынова бір вазари ұпайымен жарыс жеңімпазы атанды. Ал Ғалия Тынбаева күміс медаль еншіледі.

Осылайша, алғашқы жарыс күні Қазақстан қоржынына алтын мен күміс медаль түсті.