Қоғам

Екі облыстың спорт басшылары сотталды

Екі облыстың спорт басшылары сотталды

Қазақстанда спорт саласындағы екі бірдей өңірлік басшы жемқорлық ісі бойынша қамауға алынып, сотталды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Алматы облысында бұрынғы спорт басқармасының басшысы Айбол Күлбаевқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Ол Республикалық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры қызметін атқарған кезінде 8 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл соманы ол кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу арқылы азық-түлік жеткізу келісімшартын жасасқаны үшін алған.

Күлбаев интернат директоры қызметінде шамамен бір жыл жұмыс істеген, ал Алматы облысының спорт басқармасын екі айға жетер-жетпес ғана басқарған.

Атырау облысында да спорт басқармасының бұрынғы басшысы Дастанбек Қоспанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны 1,7 млн теңге пара алғаны, жалған қызметкерлер арқылы 1,1 млн теңге жымқырғаны және жаттықтырушылардан 2,4 млн теңге заңсыз жинағаны үшін кінәлі деп таныды.

Оның сыбайласы болған жергілікті жаттықтырушы Майлашев 3 жылға сотталды. Екеуіне де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.