Жаңалықтар
4-го апреля 2023 г. 03:32
Оралда өз балаларын бірнеше рет сатқан ана ұсталды, деп хабарлайды KazFace.kz ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне сілтеме жасап.
31 жастағы Қарақалпақстан азаматы өзінің 2018 жылы және 2019 жылы туған екі баласын сатқандығы белгілі болды.
- Бірінші дерек 2018 жылы маусымда болған. Күдікті жаңа туған сәбиін Атырау облысындағы жұпқа асырап алуға берген. Екінші факті 2022 жылы желтоқсанда тіркелді. Жас әйел 2019 жылы туған 3 жасар қызын 1 млн. теңгеге сатқан, - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысы Қанат Нұрмағамбетов.
Айта кету керек, бірнеше рет бала сатқаны үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.