Жаңалықтар

EGov Сберге берілмейтін болды

EGov Сберге берілмейтін болды

Ресейлік Сберге отандық электрондық платформа берілмейтін болды. Елімізді цифрландыру мәселесімен әрі қарай тек қазақстандық IT компаниялар айналысады. Бұл туралы құзырлы министрлік жанындағы сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұл азаматтық қоғамның, яғни сіз бен біздің үлесіміз”, – деп атап өтті қоғам белсендісі цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге сілтеме жасай отырып.

Тиісінше Қазақстан азаматтарының жеке дерегі сыртқа тарамайды. Сонымен қатар, 500 млн доллар төңірегіндегі қаржы да жалпы алғанда ел ішінде қалмақ.

Біздің Instagram-дағы жаңалықтарға жазыл. Ең қызықты видеолар және маңызды ақпарат сенің көз алдыңда!

Ulysmedia.kz Telagram-каналы. Ең басты жаңалықтарды телефоннан оқудың жылдам әрі қолайлы жолы.