Жаңалықтар

ЕҰУ-да 382 орындық студенттер жатақханасы ашылды

ЕҰУ-да 382 орындық  студенттер жатақханасы ашылды

ENU-да жаңа студенттер жатақханасы пайдалануға берілді, - деп хабарлайды KazFace.kz.

 

ЕҰУ студенттері биылғы жаңа оқу жылында Мағжан Жұмабаев көшесі, 10А мекенжайындағы жаңа заманауи ғимаратқа қоныстана алады.

 

Студенттер үйін инвестор-құрылыс салушы «Bastau Damu kz» компаниялар тобы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі негізінде тұрғызды. Жатақхананың ауданы 4300 шаршы метр, 6 қабат және 158 бөлмеден тұрады. Әр бөлмеде 2 адамнан орналасады.

 

Студенттер үйінің бірінші кіре берісінде жігіттер, екіншісінде қыздар тұрады. Сондай-ақ әр қабатта коворкинг, оқу залдары, санитарлық бөлмелер, асханалар, бейнебақылау орнатылған. Бірінші қабатта консьерж болады.