Джей-Зи расымен Тоқаевқа ән арнады ма?
Әлеуметтік желіде Джей-Зи лақап атымен танымал әлемдегі ең бай рэпердің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаған әнінің видеосы тарады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Ғаламторда қызу талқыға түскен видео туралы түрлі пікірлер туындаған. Тіпті, кейбір желі қолданушылары Джей-Зи Қазақстан мен АҚШ арасындағы мәдени байланыстар жөніндегі жаңа елшісі болады деп топшылауда.
Оған себеп, президентіміз туралы мақтау сөздер айтылып, мәтіні сауатты жазылған.
"Мен Қазақстан деген елде мықты көшбасшыны кездестірдім. Оның есімі Тоқаев. Ол мықты дипломат. Елдің дамуы үшін барын салып, жемқорлықпен күреседі. Қазақ елі еркін, халық үніне құлақ асатын мемлекет"- делінген әннің мәтінінде.
Айта кету керек, америкалық әншінің ресми платформаларында бұндай әннің шыққаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Бірақ ашық ақпарат көздеріне сүйенетін болсақ, бұл әзіл ретінде жасалған видео екені расталады.