Жаңалықтар
2-го февраля 2022 г. 11:47
Алматы әкімдігі мәліметінше, 2019 жылғы 29 қазанда Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қалада нүктелі құрылысқа тыйым салынғанына қарамастан, бұл тапсырманы бұзу жағдайлары анықталды.
Осыған байланысты, қаланың жаңа әкімі Ерболат Досаев 19 нысанда барлық жұмыс түрін - оның ішінде «Самал-3» шағынауданындағы учаскеде және Достық даңғылы бойындағы Акушерлік және гинекология орталығы ауданындағы учаскеде құрылысты тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін жергілікті тұрғындар осы құрылысқа қатысты наразылық білдірген болатын.
Айта кетейік, 2020 жылдың күзінде алматылықтар «Самал-3» шағынауданындағы жалғыз саябақ аймағындағы тұрғын үй кешені құрылысына шағымданған еді.