Жаңалықтар

Доллар 459 теңгеден сатылып жатыр

Доллар 459 теңгеден сатылып жатыр

Айырбастау орындарында доллар 459 теңгеден сатылып жатыр. KASE сауданы кейінге қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан қор биржасы (KASE) техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де ашылатынын хабарлайды. KASE қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінген қор биржасының хабарламасында.

Елордадағы көптеген айырбастау пункті доллар сатуды тоқтатты.

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пункттерінде доллар 452 теңгеден сатылып жатыр, Алматыда сағат 11.00-де 459 теңге болды. 11 сәуірдегі жағдай бойынша, кейбір ақша айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы 463,5 теңгеге жетті.

Айта кетейік, Brent маркалы мұнай құны барреліне 101 доллардан асты. Алайда бұл теңгенің құлдырауына әсер етпейді.