Билік

«Диван сарапшылар» пікірі халықтың ойы емес – Тоқаев

«Диван сарапшылар» пікірі халықтың ойы емес – Тоқаев

Президент әлеуметтік медиа билік пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналғанын теріске шығармады. Десе де бұл бұқарамен байланыс орнатудың жалғыз жолы еместігін баса айтты.

Сондықтан министрліктердің, әкімдіктер мен мемлекеттік аппараттың қызметкерлеріне виртуалды әлемге үйір болмауға кеңес берді. Өйткені оның жазасы шынайы өмірде өтелетінін еске салды. Сонымен қатар "диван сарапшыларына" қатысты да пікірін жеткізді. 

Диван сарапшысының» әр пікірін халықтың қолдауы немесе керісінше жалпыға бірдей айыптау ретінде қабылдауға болмайды. Халықтың барлық санатының пікірі мен өтінішін ескеріп, мәселені тиімді шешу қажет». Миллиондаған қазақстандық күн сайын өз жұмысын адал атқарып жатыр. Отан игілігі үшін еңбек етіп жатыр. Олардың көбі саясаттан және әлеуметтік желідегі шудан алшақ. Міне, осы жандар  еліміздің басты тірегі. Сондықтан да дәл осы адамдар, ең әуелі, «еститін мемлекеттің", елдің шынайы қолдауын сезінуі керек, деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.