Димаш Құдайберген Түркия мен Сирияға қомақты қаржы аударды
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген зілзаладан зардап шеккендерге қаржылай көмек берді. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Димаш Stranger әлемдік турне-концертінің билеттерінен түскен қаржының бір бөлігін екі елге аударған. Сонымен қатар, әнші Түркия мен Сирия халқына қайғыра көңіл айтты.
- Қазақ халқына бауырлас, ағайын саналатын Түркияда, сондай-ақ Сирияда табиғат залалынан көз жұмғандар саны бірнеше мыңнан асып кетті деген хабарды зор күйзеліспен қабылдаймыз. Барлық қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз, - деді.
Еске сала кетейік, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 16 мыңнан асты. Іздеу-құтқару жұмыстары төртінші күн жалғасып жатыр.