Жаңалықтар

Державинск қаласының аты өзгерді

Державинск қаласының аты өзгерді

Дильназ МУРЗАГАЛИЕВА

Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы Кенесарыға өзгерді, деп хабарлайды KazFace.kz. 

Жарқайын ауданының тұрғындарының арасында жиналыс өтті. Жиналыста дауыс беру өткізіліп, көпшілік халық Кенесары деген атау үшін өз дауыстарын берді. 

Санадық, бақылаушылар болды. Барлығы 325 адам тіркелді. 321 бюллетень берілді. Кенесары деген атау үшін 192 адам дауыс берді, қарсымын деушілер саны 125 болды, және 4 дауыс жарамсыз деп танылды, - деп жеткізді жиналыс өткізушілер.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында Қарағанды облысының көптеген ауылдары қазақша атауларға ауысады деген ақпарат болған.