Денсаулығы шектеулі азаматтардың жүргізуші куәліктері күшін жоғалтты
Жұлдыз ОРАЗХАН
Қазақстанда медициналық көрсетілімдері бар азаматтардың көлік құралын басқаруға рұқсаты бар болса да, олардың жүргізуші куәліктері кері қайтарылуда, деп хабарлайды KazFace.kz.
Бұл шара ішкі істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің деректерін салыстыру нәтижесінде жүзеге асырылды.
Тексеру барысында 370 мыңға жуық адамның деректері қаралды. Соның нәтижесінде сот шешімімен медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1,8 мыңға жуық адамның жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды.
Мамандардың айтуынша, аталған азаматтардың денсаулығы көлік басқаруға қауіп төндіреді. Бұл шешім жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданды.
Уәкілетті органдар медициналық деректер мен жүргізуші куәліктеріне қатысты тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады.