Жаңалықтар

Дайырбеков: "Заң блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді"

Дайырбеков: "Заң блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді"

 

Елімізде онлайн-платформаларда алаяқтықпен айналысатын адамдар көбейген, деп хабарлайды KazFace.kz. 

«DRC Qazaqstan» орталығының директоры қабылданған жаңа заң онлайн-платформаларды ретке келтіріп, хакерлікпен айналысатын адамдарға тұсау болатынын атап өтті. 

Заң онлайн-платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Атап айтқанда, желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар әкімшілік жауапкершілік те енгізілген. Осы ретте, айта кететін бір жайт, онлайн-платформаларда хакерлікпен, алаяқтықпен айналысатын адамдар көбейген еді. Енді осы заңнаманың арқасында алаяқтарға тұсау салынбақ. Заңды тұрғыда олар да жазаға тартылады. Біздің орталықта IT- заңгерлер жұмыс істейді. Біздің жұмысымыз бұғатталған парақшаларды шешіп, сот алдында кінәлілерді жазалаймыз. Бүгінгі таңда онлайн-платформалардың бір бөлігі елімізде өз өкілдіктерін ашып жатыр. Осылайша, елімізде әлеуметтік желілердің өз өкілдері пайда болады. Жұмыс күші көбейеді. Тіпті, біздің елімізден де жаңаша бағдарламаларды ойлап табатын жастардың қатары көбеймек. Әлеуметтік желіде де алаяқтардың саны азаймақ. Себебі, бақылау күшейтіледі. Осы ретте, айта кететін жайт, мемлекеттік тілдің дамуына қатысты да оң өзгерістер байқалады. Әлеуметтік желілер қазақ тілінде қызмет көрсете бастайды. Жарнама бергенде мемлекеттік тілдегі нұсқасын қамтамасыз ету, зиянды көріністерден балаларды сақтау, олардың құқықтарын қорғау секілді мәселелер заңда көрсетілген. Заңда жалған ақпарат таратпау сынды нормалар да қарастырылған. Аталған заң ел игілігі мен қоғам дамуына қызмет етіп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды деген сенімдемін, – дейді «DRC Qazaqstan» орталығының директоры Руслан Дайырбеков.