Дабыл: Мектепте балаларды тамақтандыру мәдениетін қалыптастыру керек
Балаларды тәрбиелеу мен оқытуды кәсіп еткен Күләнда Батырбекова елдегі мектептердегі балаларды тамақтандыру мәселесіне қатысты дабыл қақты. Маман бұрынғы бекітілген тамақ әзірлеудегі нормаларды қайтадан бекіту керек, деп есептейді.
Ас адамның арқауы дегенді атам қазақ бекер айтпаған. Нормативтер балалар тамақтануының құндылығын арттыруға емес, тонау үшін бекітілген. «Балалар жылында» білім саласындағы жемқорлық пен немқұрайлылықты жою керек. Тамақ даярлауды білмесеңдер, үйретейік, - дейді ол.
Ол балалардың денсаулығына кесірі тимеуін ойлауды қолға алайық дегенді айтады.
Бала - біздің елдің ертеңі, болашағы, атқа мінерлері мен отаналары. Балалардың құқығын қорғау, білім беру, олардың демалу кезеңі, тамақтануы, тәлім-тәрбие алуы, Отанын сүюі мен қорғаушы болуы – үлкендердің қамқорлығынан басталады. Кешігіп қалмайық, ағайындар!, - дейді Күләнда Батырбекова.
Маманның айтуынша, ас мәзірі қыстық, күздік, жаздық болып бөлініп, 2-3, 4-5, 5-6 жастағы, бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арналған нормативпен және калориялармен есептеледі.