Қоғам

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамаудан босатылмайды

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамаудан босатылмайды

Балауса ЖАҚСЫБАЙ

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады. Сот оның ісі бойынша қаулыны өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Нұрасыл Болат бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп, Алматының пробация қызметінде есепте тұрды, бұл сотталған адамға түнгі уақытта шектеу қоюды көздейді.

Судья пікірінше, Нұрасыл Болат пробация талаптарын бұзған.

"Бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын, алайда ол сот үкімін орындау тәртібін бұзғаны анықталды", - деп түсіндірді апелляциялық инстанцияның төрағалық етуші судьясы Нұржан Қарабаев.

Еске салайық, бұған дейін сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарған еді.

2024 жылдың мамыр айында Нұрасыл Болат адвокат Олег Черновты және оның әйелі Аннаны ұрғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Жақында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімде жүрген ұлы кезекті рет пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені түсірілген видео тарады. Оқиға 11 қазанда Алматыда болған.
Айта кетейік, бостандығын шектеу тәртібіне сай депутаттың баласына мұндай іс-шараларға баруға шектеу қойылған болатын.