Спорт әлемі
Пресс-релиз

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Павлодар қаласында бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі әрі осы күзде Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу өтті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 90-нан астам тұлпар қатысты. Жүлде қоры — 24 900 000 теңге.

«Бұл бәсеке - бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр. Ат жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен ең үздік жылқылар жиналды. Олар бәйгенің төрт түрінен, яғни құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс аталымы бойынша сынға түседі. Әр бәйге түріне шамамен 25 тұлпар қатысып жатыр. Бұл аттардың жағдайы жақсы, алдағы үлкен додаға дайын деп айта аламын», - деді «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.