Цифрлық даму министрі Дуровты қолдады
Балауса ЖАҚСЫБАЙ
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың Францияда ұсталуына байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Facebook-тегі жазбасында ол Telegram негізін қалаушы Дуровтың командасына қолдау білдіріп, мессенджермен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесін атап өтті.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің атынан біз Telegram командасымен дербес деректерді қорғау, есірткі трафигіне қарсы күрес және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесу мәселелерінде табысты ынтымақтасқанымызды атап өткім келеді. Telegram құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал бола отырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрқашан ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетті, - деп жазды Мәдиев.
Министр Telegram 12 миллионнан астам пайдаланушысы бар Қазақстандағы ең танымал мессенджер екенін атап өтті, бұл оның қоғам үшін маңыздылығын көрсетеді. Ол сондай-ақ Қазақстан цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен еркіндік арасындағы тепе-теңдіктің маңыздылығын түсінетінін және Telegram-мен сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты.
Мадиев Павел Дуровтың командасына Қазақстанда білім беруді дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Ол Дуровтың елге соңғы сапары барысында қазақстандық ауыл балаларын қолдауға бағытталған IQanat жобасының қамқоршысы болып, 365 мың доллар сомасына 12 грант бөлгенін еске салды.
Министр Павел Дуровтың ұсталуына байланысты жағдайды тезірек шешілуіне үміт білдірді.