Спорт әлемі
25-го декабря 2024 г. 10:38
Қазақстан футбол федерациясы бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кететіні жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды,- деп хабарлайды KazFace.kz.
«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды», делінген Қазақстан футбол федерациясының мәлімдемесінде.
Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, федерациямен келісімшарт бойынша жұмыс істей бермек.
Еске салсақ, спорт комментаторы Ермұхамед Маулен өзінің телеграмм каналында Черчесов қызметінен кетуі мүмкін деп жазған болатын. Бұл жазбаны оқырмандар қолдап жазған еді.