Жаңалықтар

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz. 

“М.Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 2023 жылғы 24 ақпандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімімен сотталды. Оған 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, экс-шенеунік 2021 жылдан бастап, оның ішінде қаңтар оқиғалары кезінде де Қорғаныс министрлігін басқарды.

2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылғы 20 ақпанда бұрынғы министр осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол төтенше жағдай кезеңінде заңсыз бұйрық берген және стратегиялық нысандарды әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған, ұрыс жағдайында билікті асыра пайдалану бойынша айып тағылған.