Бурабайдағы қайғылы оқиға
Бурабайдағы Бөлектау тауында суретке түспек болған әйел мерт болды, деп хабарлайды KazFace.kz Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 11 маусым күні орын алған. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын астаналық отбасы Бурабайға демалуға келген. Олар Бөлектау тауының төбесіне шығып, суретке түспек болған кезде әйел адам құлап кеткен. Астаналық әйелдің қаза болғанын Ақмола облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
- "Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түспек болған, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, тасқа соғылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. Осы орайда полиция жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік шараларына жіті мән беруді және сақ болуды ескертеді.