Жаңалықтар

Бүлікшілер Атырауда 18 жасар сарбазды көпірден лақтырып жіберген

Бүлікшілер Атырауда 18 жасар сарбазды көпірден лақтырып жіберген

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Бас прокуратура «қаңтар оқиғаларының» себептері мен мән-жайларын анықтаған сайын «қанды қаңтардың» жаңа көріністері байқалып жатыр.

«Азаматтар бастапқыда бейбіт митингіге барғанын, содан кейін бұл бастаманы қылмыстық және деструктивті күштер ұстап, қиратумен мен тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасағанын көріп отырмыз», - дейді ол.

Республика бойынша қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуыл жасап, тәртіпсіздіктер жасаған. Осылайша олар қосымша құқық қорғау күштерінің келуіне жол бермеуге тырысқан.

«Оған Атырау облысындағы жағдай мысал бола алады. Сырттан қауіпсіздік күштерінің келуі олардың жоспарына кедергі келтіреді деп қорыққан қылмыскерлер теміржолдарды жауып, 3 жолаушылар пойызы мен 5 жүк пойызының қозғалысын тоқтатқан. Ары қарай олар полиция мен Ұлттық ұлан сарбаздарына шабуыл жасап, қиратып өрт шығарды. Мысалы, 18  жастағы қарусыз жедел қызмет солдатын орталық көпірден лақтырып жіберген. Қуанышымызға орай ол тірі қалды», - дейді ол.