Жаңалықтар

БҚО-да Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметкерлері қаза тапты

БҚО-да Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметкерлері қаза тапты

 Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы апатқа тап болып, 4 қызметкер мерт болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды KazFace.kz.

«Батыс Қазақстан облысында магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында «Қазавиақұтқару» тікұшағы апатты жағдайда қонды. Бортта барлығы 6 адам болды. 5 экипаж мүшесі және 1 "ҚазТрансОйл" АҚ өкілі. Өкінішке орай, 4 адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адамға медициналық көмек көрсетілуде.

- Оқиға орнына аттанған мамандар себебін анықтайтын болады. Әрине, мұндай фактілерге барынша жаупкершілікпен қараймыз. Борт сақтандырылған. Мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен, - деді Р.Иманқұлов.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құтқару қызметтері, соның ішінде авиация штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.