Жаңалықтар

Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Қазақстандық боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталығындағы бұзақылықтан кейін іздестіріліп жатыр. Бұл ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары өздерінің порталдарында жарияланды, деп хабарлайды KazFace.kz

Порталдың мәліметінше, спортшы 2 күн бойы іздеуде болған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қолында баласы бар ер адамға басқа ер адам шабуыл жасап, бірнеше рет ұрып-соққан видеосы кең тараған еді. Кейін шабуылшының бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені белгілі болды. 

Біраз уақыттан кейін әлеуметтік желіде спортшы оқиғаның мән-жайын айтып, жанжал балалардың арасындағы жанжалдан басталғанын айтты. Бейбіт Шүменов өзін қалқандай жауып алған баланың әкесін де айыптады.

Оқиға 18 маусымда болды. Бірақ ол оқиғаның видеосы интернетте жарияланғаннан кейін ғана қоғамда наразылық тудырды.