Боччадан Қазақстан чемпионаты басталды
1 маусымда паралимпиадалық спорт түрі Боччадан еліміздегі ең ауқымды жарыс Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды KazFace.kz.
Жарысты осы спорт түрін кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүрген Қазақстан Бочча федерациясының президенті, сенат спикері Мәулен Әшімбаев ашты.
Қазіргі таңда елімізде инклюзивті, кедергісіз ортаны қалыптастыру үшін барынша жағдай жасалуда. Мықты институционалдық іргетас қалыптасуда. Биыл біз ресми түрде Халықаралық федерацияға мүше болдық. Бұл біздің спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға қатысуымызға жол ашады. Бүгінге дейін біз ұлттық «Бочча» командасын жасақтадық. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша команда жаңа спортшылармен толығады. Алдағы жылдардағы Паралимпиада ойындарына қатысу - үлкен мақсат, - деді Мәулен Әшімбаев.
Чемпионатта еліміздің әр өңірінен 15 және одан жоғары жастағы 50-ге жуық арнайы спортшылар бақ сынасады. Солардың бірі 16 жастағы Темірлан. Ол дюшен бұлшықет дистрофиясы диагнозымен ауырса да, белсенді боччист, халықаралық жарыстарға баруды мақсат еткен.
Мен мұндай жарыстарды жақсы көремін, өйткені олар бізге, ерекше спортшыларға өзімізді дәлелдеуге, жеңістің толқуын, дәмін және жеңілістің ащысын сезінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар, бұл ортақ проблемалары мен мүдделері бар адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Бүгін мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен Бочча ойыншылары жиналды, мен олардың көбін білемін, кейбірі менің достарым. Жарыстарда соқтығысамыз, біз жарысамыз, бірақ бәрібір жылы қарым-қатынастамыз, - деді Темірлан Алтынсары.
Айта кету керек, жарыс 4-ші маусымға дейін жалғасады. Қазақстанның Бочча федерациясы екі жылдың ішінде аккредитациядан өтіп, Боччаны Қазақстан Республикасының спорт түрлерінің тізіліміне енгізуге қол жеткізді. Қазіргі таңда ұлттық құрама жасақталып, бірінші республикалық ашық турнир өткізілді. Ел бойынша 10 филиал жұмыс істеп тұр.