Биыл күзде Президент сайлауы өтеді
Биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен бүкіл деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың екінші жартысында өткізуді ұсынды.
«Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы осы арқылы көпшіліктің мүддесін білдіретін депутаттардың жаңа құрамы жасақталатынын атап өтті.
«Бұл қадам мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін артыратыны сөзсіз. Болашақта Үкіметтің құрамына сайлаушылардың басым көпшілігінің дауыстарын алған саяси күштердің ғана емес, Парламенттегі басқа да партиялардың өкілдері кіруі мүмкін. Мұндай тәсіл атқарушыбилікке бүкіл қоғамның талап-тілегін ескеретінітиімлі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.