Жаңалықтар

Биыл елімізде әскери парад өтпейді

Биыл елімізде әскери парад өтпейді

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнін мерекелеу туралы хабарлама жариялады.

2022 жылы Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына әрі Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ, – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған. Олардың қатарында соғыс мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу шаралары да бар.

Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі шара өткізуді көздеп отыр.