Жаңалықтар

Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 2,5 млрд теңге бөлінбек

Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 2,5 млрд теңге бөлінбек

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өтеді, оны ұйымдастыруға 2,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды KazFace.kz.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Виталий Адамович түсіндіргендей, бұл шығындар отын мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, іссапар шығындарына, әскерлердің қозғалысына және арнайы форма тігуге байланысты жұмсалмақ. Әскери шеру үш кезеңде өтетін болады. Ол жаяу парадтық есептеулерден өту, механикаландырылған колонналар және авиацияның ұшуы. Шеруге тарихи және заманауи техникалар қатысады.

"Алғаш рет Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары – 23 дивизия мен бригада, сондай-ақ Әскери-тарихи мұражайда сақталатын" Т – 34" танкіндегі Жеңіс Туының көшірмесі алаңға тасымалданады", - деді Виталий Адамович.

Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетіледі. Жалпы шеруге 4,5 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.