Әлем жаңалықтары

Бішкекте қызды хиджаб киюге мәжбүрлеген

Бішкекте қызды хиджаб киюге мәжбүрлеген

Бішкекте 20 жастағы қыз ата-анасының хиджаб киюге мәжбүрлеуі мен жүйелі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы құқық қорғаушыларға шағымданды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл деректі «Сезім» кризистік орталығы растады. Қыздың айтуынша, оған үйден шығуға, оқуға тыйым салынып, телефоны тартып алынған. Ол хиджаб кимегені үшін шлангпен ұрылып, лас сұйықтыққа мәжбүрлі түрде батырылғанын мәлімдеді. Сонымен бірге ата-анасы бірнеше рет молдаға апарып, «жын шығару» рәсімдерін жасаған.

Қазіргі уақытта жәбірленуші дағдарыс орталығында көмек алуда. Қоғамдық резонанстан кейін ата-анасы хиджаб киюді талап етпейтінін айтқанымен, құқық қорғаушылар істі бақылауда ұстап отыр.

Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде