Жаңалықтар

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп пара алған әйел 10 жылға сотталды

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деп пара алған әйел 10 жылға сотталды

Балауса ЖАКСЫБАЙ

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «алаяқтық жасауға оқталды» және «аса ірі мөлшерде пара берді» деп айыпталған Людмила Грачеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KazFace.kz.

Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Сотта мәлім болғандай Людмила  осы жылдың мамыр айында «Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін апелляциялық сатыға пара беруге болады» деп анасы  Әлмира Нұрлыбекованың үйіне келіп, 100 млн теңге сұраған. Соттың пікірінше, ол  аса ірі мөлшерде ақшаны иемденіп кетуді көздеген.

Сол күні кешке Қуандықтың анасын әңгімеге тартып, иландырып, қомақты қаражатты қалтасына басып алған. Бірақ Антикордың әшкерелеуіне байланысты жымысқы ойы жүзеге аспай қалған.

«Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Куәгерлердің куәліктері, сараптама қорытындылары, бейнежазба және басқа да материалдар айғақ болды», – делінген сот хабарламасында.

Прокурор Людмила Грачеваны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Десе де сотталушы кінәсін мойнына алған жоқ. Адвокаттары оны ақтауды сұрады.

Сот сотталушының жас балалары бар екенін, қылмысты ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев мамыр айында 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Бақытжан Байжанов Нукенованы өлтіргені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.