Береке Сбербанктің қызметтерінен бас тартуда
6 наурыздан бастап Қазақстанда Bereke Bank (бұрынғы "Сбербанк Қазақстан") желісінде Сбербанктің "Мир" карталарына қызмет көрсету тоқтатылады, деп хабарлайды KazFace.kz Bereke Bank қолдау қызметіне сілтеме жасап.
Оған түрткі болған жайт АҚШ-тың Сбербанкке санкция қоюуы. Осылайша Bereke Bank Ресейге шот нөмірі мен телефон нөмірі бойынша аударымдардың қызметін тоқтатты. Тіпті, банкоматтарда карталарды қабылдап, рубльдік шоттардан алған кезде теңге берілуде.
- 06.03.2023 жылдан бастап AO Bereke Bank желісінде "Сбербанк" жақ ИДМ карталарына қызмет көрсету тоқтатылады. Сондай - ақ, санкцияланбаған банктердің ИДМ шетелдік карталарына бұрынғы режимде қызмет көрсетілетінін хабарлаймыз", - делінген қазақстандық банктің қолдау қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, өткен жылы Ресей мен Украинадағы жағдайға байланысты санкцияға ұшыраған Сбербанк клиенттердің кредит портфелінің бір бөлігін Halyk Bank-ке сатты. Банктің өзін "Бәйтерек" ұлттық холдингі сатып алды. Оның басшысы Қанат Шарлапаев Сбербанк Қазақстан ребрендинг жасап, атауын "Береке" деп өзгерткен.