Жаңалықтар

Белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты

Белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты

Әлемге «The Eagle Huntress» («Бүркітші қыз») фильмі арқылы танылған талантты бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұл қуанышты жаңалықпен ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Айшолпан әлеуметтік желіде тойдан бірнеше әдемі кадр жариялап, қуанышын оқырмандарымен бөлісті. Желі қолданушылары жас жұбайларды жылы лебізге бөлеп, оларға бақыт, береке және отбасы амандығын тілеп жатыр.

Айшолпан Нұрғайыпқызы — әлемге әйгілі бүркітші. Оның ерекше өмір жолы британдық режиссер Отто Белл түсірген «The Eagle Huntress» деректі фильмі арқылы кеңінен танылған. Бұл туынды Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней және Франция сияқты әлемнің 30-дан астам елінде көрсетілген.

Танымал бүркітші 2024 жылы отбасымен бірге Моңғолиядан Қазақстанға қоныс аударған еді. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылына тұрақтаған.