Жаңалықтар

Белгілі әнші Юрий Шатунов дүниеден озды

Белгілі әнші Юрий Шатунов дүниеден озды

«Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатунов қайтыс болды. Ол 48 жаста еді. Бұл туралы ақпарат 360tv telegram-арнасының парақшасында пайда болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол инфаркттан кейін жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Юрий Шатунов – кеңестік және ресейлік әнші. 1986-1991 жылдары «Ласковый май» тобының солисті болды.

Айта кетейік, Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Үш жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Ал 11 жасында анасы өмірден өткен. Болашақ әншінің жасөспірім шағы балалар үйінде өткен. Бір күні ол сол жерде көркемөнер үйірмесінің жетекшісі Сергей Кузнецовпен танысқан. Осы уақыттан бастап Шатунов өнер жолына қадам басқан және әйгілі "Ласковый май" тобының тарихы да осы тұстан бастау алады. Топтың орындауындағы "Белые розы", "Лето", "Пусть будет ночь", "Седая ночь", "Ну, что же ты…", "Тающий снег" әндері әлі күнге дейін халықтың жадында.

22 маусымда камерундық-ресейлік әнші Пьер Нарциссенің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 45 жаста еді.