Белгілі «Алиса» колонкасы енді қазақша сөйлейді
Қостанайда Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қазіргі қолданыстағы "Алиса" дауыс көмекшісінің аналогын ойлап тапты.
София Синицина мен Амина Искакова есімді 12-сынып оқушылары оны "EWA"деп атаған.
EWA – бірегей интеллектуалды-ақпараттық көмекші. Бұл ақылды динамиктің көптеген функциялары бар, олардың бірі – бөлмедегі ауа температурасын, ондағы газдардың мөлшерін анықтайды. Олардың айтуынша, құрылғының көмегі арқылы өрттің де алдын алуға болады.
- Дыбыс шығаруға арналған құрылғыны өндірісте де, үйде де қолдануға болады. Бұдан бөлек, EWA математика, физика, химия, биология пәндері бойынша түрлі есептерді шеше алады. Сондай-ақ, ол уикепедиядан сұрауларды шығарып береді, ертегілерді айтады әрі шамдарды қосу-өшіру секілді тапсырмаларды орындайды, – дейді Амина Искакова.
Құрылғыны жасауға оқушы қыздардың 2-3 ай уақыты кеткен. Мәселен қазақ тілін енгізу мен ақпараттар ағынын орналастыру кезінде қиындықтар туындапты.
- Дыбыс компьютер арқылы жасалады, біз адамның оқыған нұсқасын жасай алмадық. Себебі білікті диктордың дауысын жазып, оны енгізу үшін кемі 270 сағат уақыт керек. Оны жүзеге асыруға бізде қаражат пен уақыт болмады. Сол үшін адамның қатысуынсыз жасадық, – деді оқушылар.
Жас өнертапқыштар осылайша қазақ тілінің дамуына өз үлестерін қосып, отандық өнімнің дамуына әрі қарай барынша күш салатындарын жеткізеді.