Жұлдыздар өмірі

Баян Алагөзова үшінші рет ана атанды

Баян Алагөзова үшінші рет ана атанды

Танымал продюсер өзінің instagram парақшасында қызды болғандарын жария етті, деп хабарлайды KazFace.kz.

Біз сені ұзақ күттік. Біздің үш киллограмдық бақытымыз. Қызымыз дүниеге келді. Алагөзова Тұрсынғалиқызы, — деп жазды Баян Алагөзова.

Оқырмандар ойы екіге бөлінді. Олар таң қалып, жаңалықтың шын өтірігіне сене алмайтындарын айтуда. “Кеше ғана іс шараларда іші жоқ еді, сурогат ана туған ба? “ деп оқырмандар ойларын қалдыруда. Құттықтаушылар саны да аз емес.

Өнер иесінің үлкен қызы Айсауле Бақытбекқызы анасын құттықтап, желі қолданушыларынан сүйінші сұрады. Ол анасы жақын уақытта өзінің “Сырласу” атты айдарына сұқбат беретінін айтты.