Бату хан 275 жыл өмір сүрді - фейк
Қазнетте Түркияда Сёгютте орнатылған Бату хан бюстінің суреті таратылуда. Онда 1227-1502 жылдар көрсетілген. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл билеуші өмір сүрген жылдар, сол заманда ұзақ өмір сүру қалыпты жағдай болған. Бұл жалған, деп жазады stopfake.kz сайты.
Бату Хан – Шыңғысханның немересі және Алтын Орданың негізін қалаушы. Ол шамамен 1209 жылы дүниеге келді және шамамен 1255-1256 жылдары қайтыс болды. Бұл – Греков, Бартольд , Вернадский және т.б. ғалымдардың еңбектерінде сипатталған тарихи факт.
Бату ханның мүсінінде көрсетілген жылдар Алтын Орда құрылған және ыдыраған жылдар болып табылады. Бұрын адамдар ғасырлар бойы өмір сүріп, қазіргіге қарағанда баяу қартайғаны туралы теориялар – бұл ғылыми фактілерге қайшы келетін миф.
Ғалымдардың пікірінше, Бату хан кезінде өмір сүру ұзақтығы туғаннан шамамен 31 жыл болды, бірақ 20-ға дейін өмір сүргендердің сол кездегі стандарттар бойынша «ұзақ», 45 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндігі болды. Демек, Бату ханның 275 жыл бойы өмір сүргені туралы теориялар дұрыс емес. Орта ғасырларда өмір сүру ұзақтығы қазіргі уақытқа қарағанда әлдеқайда аз болды.