Бас прокуратура Жамбыл облысына арнайы тексеріс тобын жіберді

Жамбыл облысындағы құқықтық статистика комитетінің қызметкері Әлия Қожабекованың видеоүндеуінен кейін бас прокуратура өңірге арнайы тексеріс тобын жіберді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Тексеру тобына бас прокуратураның және құқықтық статистика комитетінің өкілдері, сонымен қатар комитет төрағасының орынбасары енді.
«Топ құрамында ішкі қауіпсіздік қызметі мен салалық бөлімшелердің қызметкерлері бар», – деп хабарлады ведомство.
Еске салсақ, Қожабекова әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде басшылық тарапынан қысым көрсетілгенін және деректерді өшіруге мәжбүр болғанын айтқан. Бұған дейінгі тексеріс оның шағымдарын растамаған еді.
Бірақ Қожабекова бұл қорытындымен келіспей, қайтадан жария үндеу жасады. Қазір тексеріс жалғасуда. Қоғам бұл істің әділ тергелуін талап етуде.