Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовке қарсы іс қозғады – дереккөз
Telegram арналардың бірі Иманғали Тасмағамбетов сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады. Оның Алматы, Астана әкімдері және Қорғаныс министрі қызметтерінде болған кезеңдері тексеріледі.
«Параллель ғаламның жаңалықтары: елордада Иманғали Тасмағамбетовтің Алматы, Астана әкімі және Қорғаныс министрі қызметтерінде болған уақыттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасауға қатыстылығы туралы бірқатар мәлімдемелерді тексеретін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылуда» деп жазды.
Тағы бір Telegram арнаның хабарлауынша, Тасмағамбетовтің Astana LRT компаниясында жымқыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Біз журналист Михаил Козачковтың бұл ақпаратын растаймыз. Расында да, Иманғали Тасмағамбетовты тексеруге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы бастамашы болды. Жедел-тергеу тобының Тасмағамбетовке Astana LRT сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты сұрақтары бар» делінген хабарламада.