"Балалар мен мектептердің арқасында бизнес жасаудың қажеті жоқ!": Марат Ахметжанов
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданынының Нұресіл ауылындағы мектепті тексеріп, жөндеу жұмысының сапасыз жасалғанына наразылығын білдірді, деп хабарлайды KazFace.kz.
Аймақ басшысы мердігердің 400 миллион теңгеге жасаған жөндеу жұмыстарының сапасының өте төмен болғанына көңілі толмады.
Өз үйлеріңізде осылай жасайсыздар ма? Бірден неге жасамайсыңдар? Келесіңдер, мемлекеттің ақшасына тендерді ұтып аласыңдар, не сапасы жоқ, не мерзімі жоқ, - деп ашуланды әкім.
Жазбада жұмыстың нашар орындалғаны бірден көрінеді: сымдар ашылып, көрініп жатыр, кафель мықтап жабылмаған, ал терезелер суық ауаны өткізеді.
Бюджет бойынша, мерзімдер бойынша прокурорлық тексеріс жасаңдар! Соңғы тиынына дейін тексеріңдер! Балалар мен мектептердің арқасында бизнес жасаудың қажеті жоқ! - деді аймақ басшысы.
Осыған байланысты облыс басшысы барлық шығындар бойынша тексеріс жүргізуді тапсырды.