Балабақша бухгалтері 47 миллион теңгені жымқырды
Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KazFace.kz
Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.
Аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісімшарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен.
Банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн теңге аударылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Дәл осындай жағдай Степногорск қаласындағы мектептерінің бірінде қайталанды.
Тергеу жұмыстарының нәтижесінде бухгалтер өз шотына 36 млн теңгені жалақы ретінде аударған.
Аталмыш фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде.
Осы бапқа сәйкес жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.