БАКАД-тағы тастанды бала: "Интернет іздеп, баласын айдалаға тастаған ана"
Әлеуметтік желіде Алматыдағы БАКАД аймағындағы айдаладан тастанды сәби табылғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды KazFace.kz.
Видеодағы 3-4 айлық қыз баланы ерлі-зайыптылар кездейсоқ байқап қалған. Олардың айтуынша, арбада жатқан баланы дәл көпірдің астына қарай көрінбейтін жерге қарай қалдырған.
Жұмыстан жаяу қайтып келе жатқанбыз. Бір сағаттай жүрдік анасын іздеп. Баланы далаға тастап кеткен. Арбада не құжаты жоқ. Сәби жыламайды, күлімсіреп қояды, - дейді видео авторы.
Алматы облысының полиция департаменті 15 мамыр күні сағат 10:08-де кәмелетке толмаған баланың табылғаны туралы ақпаратты растады.
Бұл факті Қарасай аудандық полициясына тіркелді. Тексеру барысында оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтіліп, көп ұзамай баланың анасы анықталды, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, сәбидің анасы телефонында интернет ұстамаған соң, жолдың ар жағына баласын тастап ұялы байланыс іздеп кеткен.
Әйел адамның бұл әрекеті жауапсыз қалмады. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері сәбидің әкесімен де жүздесіп, анасы екеуіне әкімшілік және қылмыстық кодексті таныстырып, профилактикалық әңгіме өткізді.