Бағдат Мусин майнерлерге қарсы соғыс жариялады
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардан заңсыз майнинг фактілері туралы хабарлауды сұрады, деп хабарлайды KazFace.kz
Ол Facebook-те соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатқанын жазды.
Біздің энергожүйеге "көлеңкелі майнерлер" зардабы тиюде. Қазір заңсыз майнингтің энергошығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен. Бұл орайда қалыптасқан "көлеңкелі" нарықтың энергожүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес.Бастысы, бұл кәсіпке де салық салынуы тиіс. "Сұр майнинг" - бұл экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуы тиіс.ҚР ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин
Көрсетілген локациялар бойынша тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ көлеңкелі тұстан шығып, заңды майнерге айналуды қалаған кісілерге әріптестерім кәсіби кеңес бере алады. Энергожүйеге зиян келтіріп, заң бұзып жатқандармен бірге күресейік!