Қоғам

Бұрынғы премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың есімі көше атына берілді

Бұрынғы премьер-министр Нұрлан Балғымбаевтың есімі көше атына берілді

Астана қаласындағы Есіл ауданында орналасқан көшеге Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Kazface.kz.

Есіл ауданында орналасқан көшенің ұзындығы – 1100 м. Көше Түркістан көшесінен басталып, Ұлы дала даңғылында аяқталады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен салтанатты шарада Нұрлан Балғымбаевтың  ел үкіметін басқарған кезде көптеген игі реформаларды қолға алып, жұмысты жақсартуға көп үлес қосқанын ерекше атап өтті.

Нұрлан Балғымбаев 1997-1999 жылдар аралығында Қазақстанның премьер-министрі болды. Одан кейін «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ және «Қазақстан мұнай-инвестициялық компаниясы» АҚ президенті болды.

Осыдан кейін Балғымбаев 2009 жылға дейін ҚР Тұңғыш Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. Содан кейін ол итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясымен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымның бас директоры қызметіне тағайындалды. Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі 2015 жылдың қазан айында қайтыс болды.