Қоғам

Ажырасқан жанұялар үшін баламен қарым қатынас ережесі жаңарды

Ажырасқан жанұялар үшін баламен қарым қатынас ережесі жаңарды

Елде 13 сәуірден бастап ажырасқан ата-аналар мен жақын туыстардың (әже, ата, аға, әпке) баламен қарым-қатынасын реттейтін бірыңғай ереже енгізілді,деп хабарлайды KazFace.kz.

Бұрын мұндай мәселелерді қамқоршылық органдары шешетін, алайда олардың тәсілдері өңірге байланысты әртүрлі болатын. Енді бекітілген бірыңғай тәртіп ел аумағында біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді.

Егер ата-ана немесе басқа жақын туыс — әже, ата, аға не әпке — баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайға тап болса, ол баланың тұрғылықты жері бойынша қамқоршылық органына жүгіне алады. Құжаттар қатарында жеке куәлік, мекенжай анықтамасы, соттылықтың жоқтығы мен медициналық анықтамалар қажет.

Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы уақыт ішінде мамандар екі тараппен әңгімелесіп, қажет болса баланың пікірін (егер 10 жастан асқан болса) ескереді.

Бұл ереже балалардың құқықтарын қорғауға және олардың жақындарымен байланысын сақтауға бағытталған.